04.11.2014

Хромтау ауданының даму тарихы



   Хромтау ауданының өзіндік тарихы бар. Өз алдыны аудан болғанға дейін Новоресей ауданы Ақтөбе округіне, кейін Ақтөбе ауданына қараған.

Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі

Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі туралы

         «Музей»  сонау антикалық дәуірлерден келе жатқан ұғым. Ежелгі Римде музей сөзі «музалар ғибадатханасы», «естелікті сақтаушы», «көне құндылықты сақтайтын орын» деген мағананы білдіреді.
          Музей- ел тарихының қазынасы, халық мұрасының тұғыры. Тарихты игеру ең әуелі туған өлкесін танудан басталады.Өйткені, әрбір адам өзі өскен жерін, қоршаған ортасын, сол жерде еңбек етіп, елін, жерін қорғаған ата-бабасын танымайынша Отаншыл, елшіл, азамат болып қалыптасуы екіталай.

31.10.2014

Ұлу тас

Ұлу тас                  
 Ұлу тас. Тасқа айналған теңіз жәндігінің қалдығы. Түсі ақ бор тәріздес. Пішіні жарты доға тәріздес. Кировтан жертөле \погрев\ қазғанда табылған.Сынған жарты бөлігі жоқ.\малюска раквинасы\, \64-70 млн лет\Кайнезой эрасының Неоген кезеңіне жатады. 

Кесіртке омыртқасы. Крестцовый позвонок ящера.

Кесіртке омыртқасы.
Крестцовый позвонок ящера.
Кесіртке омыртқасы  Кайнезой эрaсының бор дәуірінде жер бетін алып жануарлар мекендеген. Соның ішінде, осындай алып жануарлардың біздің жерімізді мекендегенін дәлелдейтін кесіртке омыртқасы музей экспозициясына қойылған. Бұл кесіртке омыртқасы Белогорка ауылынан табылған.



Крестцовый позвонок сухопутного ящера  В эпохе мела на земле обитали огромные животные. Этот позвонок ящера доказывает, что на земле действительно обитали огромные животные.  Он был найден близ поселка Белогорка.

Орта ғасырдың құмыралары. Кувшины средневековья.

Орта ғасырдың құмыралары.
 Кувшины средневековья.

Орта ғасырларда құмыра жасау ісі шығыста кеңінен тарады. Құмыралардың жасалу техникасы жетілдіріліп сапасына көңіл бөлінді, әрі құмыралар бұрынғыға қарағанда көлемі жағынан үлкен болды. Музей экспозициясында XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басында жасалған құмыралар осында орын алған. Біздің өлкемізге ірі сауда жолдары арқылы келді.



В средние века на Востоке широке распространялось изготовление кувшинов. Большое внимание уделялось технике изготовления кувшинов (рис.2), по размеру кувшины стали больше, чем раньше. Кувшины, изготовленные в конце XIX и начале XX вв. заняли свое место в экспозиции нашего музея. Кувшины появились в наших краях путем крупных торговых отношений.
.

29.10.2014

ОЙСЫЛҚАРА

Ойсылқара-тарихи этнографиялық ескерткіші.
Әулиелі Ойсылқара  өңірі қазақтың кең сахарасының табиғаты көз
тартарлық әсем бұрыштарының бірі.
Аудан орталығы қашықтықты Хромтау қаласынан 35 км жерде орналасқан,бұл өңірде,басын Мұғалжар тауларынан алатын Көкпекті Ойсылқара атты өзендер бар.Ойсылқара мекені Қопа елді мекені тұсында .

07.05.2014

Сенбілікке шығайық!


  Құрметті Хромтаулықтар,баршамыз сенбілікке  шығайық!
   Жыл сайын көктем  басталысымен  қала көшелерін тазалауға  шығамыз.  Қала тұрғындары  және мекемелер тазалық сақтамағандықтан сенбіліктер  бірнеше аптадан айға созылады.  
   Сенбіліктер – ерікті, міндетті немесе еріксіз шара деп  таласқанмен,  әрбірі  өзінше дұрыс болып шығады.  Еңбек заңында  сенбілік деген  ұғым  қаралмағанын біле тұра, «Авгидің  ат  қорасын»   тек қана  грек мифологиясындағы  Гераклдың  күші келетіні емес, бәріміз бірігіп те әр кім өз алдымен  де   қаламызды  сәнге  келтіру  қолымыздан  келеді . 


Наверх Автопрокрутка Стоп Scroll