Қорықты жерлер/Заповедные места




ОЙСЫЛҚАРА

Ойсылқара-тарихи этнографиялық ескерткіші.
Әулиелі Ойсылқара  өңірі қазақтың кең сахарасының табиғаты көз
тартарлық әсем бұрыштарының бірі.
Аудан орталығы қашықтықты Хромтау қаласынан 35 км жерде орналасқан,бұл өңірде,басын Мұғалжар тауларынан алатын Көкпекті Ойсылқара атты өзендер бар.Ойсылқара мекені Қопа елді мекені тұсында .
Ор өзеніне құяды.Осы өзеннің сол жақ жағалауында 100 метрдей қашықтықта биіктігі 4 метрдей биік төбе басында «Ойсылқара әулие»
обасы орналасқан.
Обаның бастапқы биіктігі қазіргі күйінен әлдеқайда биіктеу болған секілді. Бірақ ғасырлар бойғы табиғат құбылыстарының әсерінен обо аласарған әртүрлі пішіндегі үлкенді-кішілі тас үйіндісінен тұратын обаның қазіргі биіктігі 1 метрге,диометрі-1,5м.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері:Р.Илиясованың,ұлттық тарихи мұраларды зерттеу мақсатында ұйымдастырылған экспедициясы өздерінің зерттеу нәтижиесіне,ел аузындағы айтылған деректерге және әр дәуірдегі жерлеу кешендерінің ерекшелігіне сүйеніп,Ойсылқара обасын YI ғасырға жатқызды.
2005 жылы  14 шілдеде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында, Ойсылқара әулие басына белгі орнатылып,ескерткіш құлыптас қойылып, ас берілді.
Оба айналасындағы таптаурын болған жалғыз аяқ жол-дертіге шипа іздеген халықтың ертеден-ақ киелі орынға айналдырғанын дәлдей түседі.


               

Ойсылқара-тарихи этнографиялық ескерткіші

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Наверх Автопрокрутка Стоп Scroll